АНАР ЖЕМІСІНІҢ ПАЙДАСЫ
Жүзім мен анар – «жемістердің атасы» деп аталады. Қасиетті Құранда бұл жемістерді Жәннаттықтардың жейтіні туралы айтылған.
📚 «Ол екеуінде жемістер, құрма және анар бар» («Рахман» сүресі, 68-аят)
📚 «Екеуінде де алуан түрлі жемістер, соның ішінде құрма мен анардың түр-түрі бар» («Уақиға» сүресі, 68-аят)
📚 «...Сондай-ақ, жүзімнен бақтар және бір-біріне ұқсайтын, ұқсамайтын зәйтүн мен анар шығарамыз. Олардың жеміс салған және жемісі пісіп жетілген кезіне назар салыңдар...» («Әнғам»сүресі, 99-аят)
Анардың бұлай қасиетті Құранда бірнеше жерде айтылуы да тегіннен-тегін емес. Бүгінгі заманауи медицина анар жемісінің адам ағзасына тигізетін пайдасы орасан зор екенін дәлелдеді. Бүгін анар жемісінің сол артықшылықтарын санамалап көрмекпіз:
1. Анар асқазан жұмысын жақсартуға көмектеседі. Бұл туралы сахаба Әли (р.а): «Анар жемісін жеңдер, себебі ол асқазанды тазаратады», - деген.
Ол үшін анардың өзін ғана емес, сыртындағы қабығын да пайдалану керек. Анар қабығын ішіндегі ағынан ажыратып, шүберектің үстіне жайып құрғатып қоямыз. Кепкен қабықты үгітіп күніне бір қасық жеп артынан су ішсе де немесе қабықты қайнатып, тұндырып қойып тұнбасын ішсе де болады. Бұл ішкі ағзалардағы, ішек жолдарындағы паразиттерді, құрттарды, т.б айдап шығады. «Алайда, гастрит, асқазан жарасы т.с.с түрлі асқазан ауруларымен зардап шегетін жандардың анар шырынын қайнаған сумен араластырып пайдаланғаны жөн. Себебі, шырын құрамындағы әр түрлі қышқылдар асқазан ауруларын асқындырып алуы мүмкін», - дейді мамандар.
2. Анар теріні тазартады. Беттегі майды, тұрып қалған кірлерді кетіруге көмектеседі. Беттің тартылып, әжімдердің азаюына көмектеседі.
3. Іш өткенде бір қасық үгітілген анар қабығын жеп, артынан су ішіп жіберсеңіз, Алланың қалауымен ауруыңызға шипа табасыз.
4. Біз күніне алуан түрлі тамақтар жейміз. Соның салдарынан іште әртүрлі паразиттер пайда болады. Анар қабығы дәл осындай бактериялар мен вирустарды сыртқа қуып шығып, қанды тазалайды екен. Ал қан айналым жүйесінің дұрыс болуы біз үшін өте маңызды. Сонымен бірге, анар - бауырға да таптырмас ем.
5. Анардың құрамында темір бар. Бұл, әсіресе, анемиямен ауыратындарға өте қажет.
6. Операциядан кейінгі кезеңде де анарды пайдалану – аса пайдалы. Себебі, ол имунитетті көтеріп, денсаулықтың қалпына келуіне жәрдемдеседі. Шаршаңқылық пен әлсіздікті жойып, энергия береді.
7. Анар қабығының ұнтағына бал қосып, оны безеу секілді жараларға, ауыздың ойылуына жақса, тез жазылады. Және осы бал қосылған ұнтақты күніне 1-2 қасық жеп тұруға да болады.
8. Егер тісіңізді жуғанда тіс жиегінен қан ағатынын жиі байқасаңыз, анар қабығының ұнтағын тістің қызыл етіне жағып жүріңіз. Бұл тіс жиегін қатайтып, қан ағуын тоқтатады.
9. Анарды қатерлі ісікпен (рак) күресу үшін де қолданады. Ол ракпен зақымданған жасушаларды қоршап алып, қалпына келтіруге көмектеседі.
10. Анарды 2,3,4 айдан кейін түсік тастайтын әйелдер қолданса тіпті жақсы. Себебі, анар Алланың қалауымен ұрықты ұстап тұруға көмектеседі екен. Негізі, анардың шырынын өз қолыңызбен жасап ішкеніңіз дұрыс.
11. Анар қызуы көтерілген адамдарға да пайдалы. Құрамындағы С дәрумені денедегі паразиттерді жойып, қызуды басады.
12. Сонымен бірге анарды жөтелдің созылмалы түрлеріне де ем ретінде пайдалануға болады.
Бір жемісте мұнша көп пайдалы элементтің болатынына таң қала алмаймыз. Себебі, Жаратушы Алланың Өзі оны қасиетті Құранда атаған болса, демек, сөз жоқ, ол адамзатқа пайдалы болғаны. Алайда, есте сақтаңыз! Кез келген асты шамадан тыс көп пайдаланбай, аз-аздан жеп отыру керек. Сонда ғана оның дәрумені бойға дариды.