ЕСКЕ АЛУ.
Күн бүгін зар көңілден жыр ағатын.
Жас кетті ортамыздан Рахатым.
Қырық күн болды орны ойсырап тұр
Мəңгілік ұмытпаймыз бірақ атын.
Еркелеп ортамызда өсіп едің.
Сын айтты тіршілікте көшіңе кім?
Мұғалім боламын деп Рахатжан
Оралға арман қуып кетіп едің.
Арманға бойлаушы еді көңілің көп.
Ата анаң еркелетті ''негрім'' деп.
Мінезің жайлы еді ғой мейман кірсе
Тұратын төрге қарай келіңіз деп.
Тəртіппен жақсы оқыдың сабағыңды.
Бейуақта мұң шалды ма жанарыңды.
Оралда əлі бізге жүргендейсің
Білдіріп тұратындай хабарыңды.
Сырқаттың сынағынан өте алмадың
Рас па сен келмеске бет алғаның?
Көз жұмып,қара жолдың бауырына
Қайтейік үйіңе де жете алмадың.
Санасақ біз жиырма бір бөле едік қой.
Қамқорлар бірін-бірін ел едік қой.
Диплом 21 жас туған күнің
Болса деп армандап ек еленіп той.
Аспанға ұшып кетті арман əнің.
Еске алды өзіңді айтып,елде бүгін.
Өзіңнен қапияда айырылдық қой
Өзіңсіз келді міне жиырма екің.
Өзіңе демеу болсын кең Алла -ай бір.
Ата-анаң жоқтығыңа көне алмай жүр
Бауырлар,барша ағайын,достарыңда
Мінекей жоқтығыңа сене алмай жүр.
Құс болып жүр ме екенсің жəннатың да.
Қалдың ғой қыздəуреннің аралында
Алаңсыз студенттік күнді өткеріп
Шаттанып жүргендейсің Оралыңда.
Бір бөлек сағынышы бөлелердің.
Келмейді жоқтығыңа сене бергім.
Дұғамыз қəбіріңе нұрын шашып,
Пейіштің шуағына бөлене бер.
Кетті іште көп арманың шешілмеген.
Қыз болып,ел қызығар өсем деп ең.
Еске алып,бүгін сенің рухыңа
Сағынып жыр арнады Əсель бөлең.